Уағыз* Аллаһу әкбәр Аллаһу әкбәр Ойсыз тапқан зиян жетер түбіңе, Айтқан сөзің таразысы ақылдың. Отыз тісті қарауыл ғып тісіңе, Қалжың сөздің алды күлкі,арты мұң. Шыққан сөздің уы және балы бар, Сен адамға керектісің тауып ал. Аз сөйлесең ақылың тез толығар, Көп сөйлесең ауызға тас салып ал. Шыққан сөздің артығы бар,кемі бар, Сен тіліңді бағындырғын жүрекке. Құран-Хадис оқып нәрін теріп ал, Қос дүниелік жеткізеді,тілекке. Адамдарды хақ жолына шақырғың, Шындықты айтып садақадан хабар бер. Тахуа боп тапсын олар таң нұрын, Ажал жетіп,жұтпай тұрып қара жер. Есті сөзден естіледі ең үзгін, Кім білмейлі күлкі сөздің арзанын. Тереңіне сүңгі білім теңіздің, Теріп алғын баға жетпес маржанын.
Roses - Comments and Graphics!